Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі

Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекеттік тудың көлемі 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.

Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ту көтерілді
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бүгін Алматыда мерекеге орай дрондар шоуы өтеді: сағат 21:00–де Абай алаңында, ал 21:30–да «Астана» алаңында 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін 3D бейнелер жасайды. 

Оған қоса, сағат 20:00–де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке — Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысқанын жазғанбыз. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті. 

Соңғы жаңалықтар