Алматыда Саин даңғылының ұзартылған бөлігі желтоқсан айында қолданысқа берілмек

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл туралы Kazinform сауалына жауап берген Алматының қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.

Движение на развязке Саина – Монке би в Алматы откроют в конце июля
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін осы жылдың шілде айында Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 шақырымға ұзартылатыны хабарланды.

Қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостановтың жауабына сәйкес, бүгінде ұзындығы 1,6 шақырым болатын учаскеде асфальт-бетон жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталған. Қалған бөлікте құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек жер төсемесінің негізін нығайту жұмыстары 85%-ға, 110 кВ электр желісін қайта жабдықтау жұмыстары 50%-ға орындалған.

— Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2025 жылдың желтоқсан айында жоспарланған, — делінген ресми жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Саин көшесінің жаңа бөлігі неліктен қолданысқа берілмегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар