20:47, 20 Қараша 2025 | GMT +5
Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары қандай сатыда
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін созылатын Саин көшесін ұзарту жұмыстары жүріп жатыи.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жер телімдерін сатып алу мен босату кезінде туындаған қиындықтарға байланысты жобба аяқтау мерзімі созылып кетті. Биыл қазан айында соңғы учаске толықтай босатылған.
- Бүгінде жолдың 3,2 шақырымының 1,8 шақырымы салынды. Қалған бөлігінде 110 кВ жоғары кернеулі желісін қайта орналастыру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.
Бұған дейін Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев Саин көшесін ұзарту бойынша жұмыстар 2026 жылы аяқталатынын атап өтті.
Еске салайық, биыл тамызда Саин көшесінің ұзартылған бөлігі желтоқсан айында қолданысқа берілетіні хабарланған еді.