Алматыда шетелдік азаматтан бірнеше орам есірткі табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда полиция қызметкерлері есірткі тасымалдаған шетелдікті ұстады. 

Алматыда шетелдік азаматтан бірнеше орам есірткі табылды
Фото: Алматы полициясы

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жеке тінту барысында Үндістан азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылған. Сараптама қорытындысы алынған заттардың есірткі санатына жататынын көрсеткен. 

Қазір тәртіп сақшылары оның «жасырын қойма» тәсілі арқылы жүзеге асырылатын курьерлік қызметке қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

– Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің психоактивті заттарды тұтынғаны анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібімен тіркелді, істің барлық мән-жайы анықталады. Біз есірткі таратудың жолдарын жүйелі түрде анықтап, курьерлік желілерге тартылған тұлғаларды әшкерелеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз, - деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Еске салайық, Қызылордада есірткі сатудан түскен қомақты табысты заңдастырған топ қолға түсті. 

Соңғы жаңалықтар