Алматыда соттың шешімімен заңсыз коммерциялық нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда соттың шешімімен Шұғыла шағын ауданындағы Жуалы көшесі, 88 учаскедегі заңсыз салынған асхана мен дүкен бұзылды. 

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде меншік иесінің рұқсат құжаттары болмаса да ғимарат салған.

«2023 жылы 28 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, Басқарма Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына аталған нысанды бұзу бойынша талап-арыз берді. Сол жылдың қарашасында Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Сондай-ақ осы жылдың 7 ақпанында Алматы қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлады басқармадан.

Меншік иесі Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге нысанды ерікті түрде бұзды. Былтырдан бері 32 заңсыз нысан толық және жартылай бұзылды. 

Соңғы жаңалықтар