Алматыда тағы бір ірі өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бір тәулік ішінде екінші ірі өрт шықты.

қойма өрт
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл жолы Алмалы ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр.

– Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, бес өрт сөндіру оқпаны берілген және су үздіксіз жеткізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Өрт екінші жоғары дәрежеге жатқызылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, ғимарат бұрын Қазақ КСР Қаржы министрлігіне тиесілі болған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан балалар үйіндегі өртті сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.

ТЖМ жалынның 1000 шаршы метр аумақта сөндірілгенін мәлімдеді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнынан 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар