Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл жолы Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан тұрғын емес ғимаратқа қосымша салынған құрылыс заң талаптарына сай емес деп танылған. 

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды
Фото: Kazinform / Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, жоспардан тыс тексеріс барысында нысанның рұқсатсыз салынғаны анықталған. 

— Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, іс материалдары сотқа жолданды. 2025 жылғы 3 маусымдағы сот шешімімен меншік иесіне айыппұл салынып, заңсыз салынған құрылымды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді, - делінген басқарма хабарламасында.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесінің өзі бұзған.

Еске салайық, Алматыда 2 қазанда Мақатаев көшесі, 4а мекенжайында орналасқан Taiyaki coffee дәмханасы бұзылған еді. 

Соңғы жаңалықтар