10:30, 25 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматыда тағы да жер дүмпуі тіркелді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 25 ақпан сағат 10:14 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.
Афтершок.
МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 3 балл көлемінде сезілген.
Айта кетейік, соңғы төрт күнде алматылықтар 2-3 балл деңгейінде бес жер дүмпуін сезді.
Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.