Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан үй бұзылып жатыр.

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

— Басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды, — делінген хабарламада.

2025 жылы 28 қазанда Алматы соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қазір қалалық әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда неліктен № 1 қалалық перзентхана ғимараты бұзылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар