Алматыда тиісті рұқсатсыз салынған қосалқы нысан сүрілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бостандық ауданында заңсыз салынған шаруашылық нысан сүрілді.

в
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, заңсыз салынған қосалқы нысан “Нұр Алатау” шағын ауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан. Ведомство бұған дейін рұқсат құжаттарының болмауына байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бергенін атап өтті.

- 2025 жылы 21 сәуірде Алматының Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз берілген еді. Былтыр 25 тамызда басқарманың талап-арызы толық қанағаттандырылды, - деп хабарлады басқармадан.

Бүгін Алматы қаласы әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты бұзылды.

Былтыр Алматыда заңсыз салынған 42 нысан бұзылды.

Соңғы жаңалықтар