Алматыда тұмау жұқтырғандар саны қайта көбейіп келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова шаһардағы эпиджағдай туралы айтты.

Тұмау бала
Фото: Видеодан алынған скрин

Оның сөзінше, жіті респираторлық вирустық инфекцияларымен (ЖРВИ) сырқаттанушылар саны біршама өскен. Өткен аптада ЖРВИ-дің 13980 жағдайы тіркелді. Бұл оның алдындағы апта көрсеткіштерінен 6,8% жоғары, ол кезде 13083 жағдай болған. Тұмау жұқтырғандардың 59,7%-ы балалар - 8348 жағдай.

- Қаланың 188 мектебінде оқушылар арасында ЖРВИ жұқтырудың 1263 жағдайы тіркелді. Жалпы көрсеткіш шекті деңгейден аспайды. Қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы, сондай-ақ риновирус, парагрипп, аденовирус, маусымдық коронавирус сияқты басқа да тұмауға жатпайтын ЖРВИ вирустары айналымда бар. Тұмауға қарсы вакцинацияланбаған адамдар арасында гонконг тұмауының 82 расталған жағдайы тіркелді, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жедел жәрдем шақыратындар азая бастағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар