Алматы тұрғынына заңсыз құрылыс жүргізгені үшін айыппұл салынды

  АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды.

Алматыда тұрғынына заңсыз құрылыс жүргізгені үшін айыппұл салынды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлім еткендей, Қарасай батыр — Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайында салынған қосымша нысан сот шешімімен бұзылып жатыр.

— Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан қосалқы және кіре беріс нысандарын салғаны анықталды, — деп хабарлады басқармадан.

Нысан иесі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады.

— Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесі өзі бұзып бастады, — деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін тағы бір алматылықтың үшінші қабатта орналасқан пәтеріне заңсыз қосалқы құрылыс салғаны туралы жазғанбыз

Осыған дейін «Теректі» шағын ауданындағы Айналма көшесі, 183 учаскесінде заңсыз салынған тұрғын үй кешенінің бұзылып жатқаны туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар