Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды.

Енді полиция ауруханаларды тәулік бойы күзетеді
Фото: Қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2007 жылы туған сарбаз қазір қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Жағдайы — орташа ауыр.

— Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологі кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізіліп жатыр, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Еске салайық, 2025 жылғы 4 қазанда Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткен еді. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар