Алматыда заңсыз ауланған 700 келі балық анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қапшағай балық инспекциясы бөлімі заңсыз ауланған балықты көлікпен тасымалдағандар ұсталғанын хабарлады.

Алматыда заңсыз ауланған 700 келі балық анықталды
Фото: Скриншот

20 ақпан күні балық инспекциясы рейд шаралары барысында Алматы қаласының Ырысты көшесінде «Газель» көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктен заңсыз ауланған балық анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша балық ресурстарына 5 946 348 теңге залал келтірілген.

— Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-тармақшасына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, процессуалдық шешім қабылдау мақсатында әкімшілік іс сот органына жіберілді. Сот шешіміне дейін заң бұзушылардан 707 кг заңсыз ауланған балық тәркіленді, — деп хабарлады инспекциядан.

Еске салайық, бұған дейін Балқашта 100 келіден астам заңсыз балық аулаған төрт адам ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум