Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны сүріліп жатыр. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті.

көлік жуу нысаны
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сот шешімімен Қалқаман шағынауданы Төле би көшесі 308/54 мекенжайында орналасқан көлік жуу орны бұзылды.

Алматы көлік жуу нысаны сүрілді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

«Жоспардан тыс тексеру кезінде Қалқаман шағын ауданы Төле би көшесі, 308/54 мекенжайында рұқсатсыз құрылыс жүргізілгені анықталды. Басқарма Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді. Осы жылдың қаңтар айында сот шешімі бойынша талап-арыздар толығымен қанағаттандырылды», - деп хабарлады басқармадан.

Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері сот шешімін орындай отырып, нысанды бұзу жұмыстарын бастады.

Еске салайық, былтырдан бері 46 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KНАn», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бұзылған болатын.

Осыған дейін Алматыда заңсыз салынған дәмхана мен сауда алаңдары бұзылғаны туралы жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар