Алматыда жалған «ҰҚК қызметкері» зейнеткерге қол көтерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол-көлік оқиғасы жанжалға ұласты. Кикілжің кезінде жас жігіттердің бірі мүмкіндігі шектеулі зейнеткерге қол көтерген. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады

ҰҚК қызметкері
Фото: Видеодан алынған кадр

Бейнежазбада жанжалға қатысқан жігіттердің бірі өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырғаны айтылған.

Алматы қаласының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан азаматтардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

— Бостандық аудандық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Видеодағы ер адамның кім екені анықталды. Оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қолданылатын болады, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болғанын жазғанбыз

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаппай төбелеске байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы жаңалықтар