Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 6 маусымнан бастап жаңа қоғамдық көлік жүре бастайды.

автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық мобильділік басқармасынан мәлім еткендей, №101 бағытты екіге бөлу арқылы жаңа автобус маршруты ұйымдастырлады. 

Оған «BUSWAY» ЖШС қызмет көрсетіп келген.

— Алғашында Бостандық ауданы тұрғындарының өтінішімен шағын автобустан тұратын №101 маршрут ашылған болатын. Алайда уақыт өте келе бағыт 60 шақырымға дейін ұзарып, жолаушылар саны едәуір артты. Осыны ескере отырып, қалалық мобильділік басқармасы №101 бағытты екіге бөлу туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада. 

автобус
Фото: Алматы әкімдігі
автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Осылайша 6 маусымнан бастап «Автопарк – Арман автобекеті» бағытындағы №101 маршрутқа үлкен сыйымдылықтағы 14 автобус қызмет көрсетеді. Ал «Хейлибери мектебі – Арман автобекеті» бағытындағы №64 маршрут таулы аймақтарға арналған 8 шағын автобуспен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, биыл әкімдік газбен жүретін қосымша 600 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, жеке тасымалдаушылар тарапынан 800 газбен жүретін автобус және 118 электробус сатып алу көзделген.

Соңғы жаңалықтар