13:03, 01 Қаңтар 2026 | GMT +5
Алматыда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Жаңа жылға қараған түні 21 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» хабарлады.
Дүние келген балалардың он екісі — қыз, тоғызы — ұл.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби, оның ішінде жеті егіз дүниеге келгенін жазған болатынбыз.
16 желтоқсан күні 362 ұл бала өмірге келсе, дүние есігін ашқан қыз баланың саны — 363 екені белгілі болды.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда сәби өлімі 19,3%-ға төмендегенін айтты.
Осыдан бөлек Алматы дәрігерлері салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәбидің өмірін сақтап қалғаны айтылды.