Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Дождь Алматы Жаңбыр осень күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 23 - 24 мамыр аралығында қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары.

– Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Осыған орай, алматылықтарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға аттанбауға кеңес берді.
«Қазгидромет» кәсіпорыны таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады

Соңғы жаңалықтар