20:14, 10 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматыда және қала маңында 2-3 балл жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ.KAZINFORM — Бүгін кешкі уақытта Алматы қаласында жер сілкінісі болды.

Сейсмикалық стансалар желісі 10 сәуірде Алматы уақытымен 19:56 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 484 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13.6
MPV магнитудасы — 6.0.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда — 2 балл көлемінде, ал Кеген, Райымбек аудандарында — 3 балл болып сезілді.