18:43, 18 Қараша 2024 | GMT +5
Алматыда жасөспірім жоғары қабаттан құлап, қаза тапты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Әуезов ауданында жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен құлап, мерт болды.

«Бұл іс бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.
Осыған дейін Алматыдағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан 18 жастағы қыз секіріп кеткен болатын.
Қыркүйек айында көпқабатты үйден құлаған екі оқушы қыз көз жұмды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласының Жетісу ауданында бір топ адам арасында жанжал шыққаны да хабарланды.