Алматыда жаттығу үстінде павлодарлық хоккейшінің мүлкі ұрланған: күдіктілер ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полицейлері хоккейшінің жеке мүлкін ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады.

полиция
Фото: gov.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, мүлік Павлодардан келген хоккей командасының жаттығуы кезінде ұрланған. 

— Белгісіз адамдар киім ауыстыратын бөлмеге еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып, спортшылардың бірінің жеке мүлкін ұрлап кеткен. Бұл туралы дереу полицияға хабарланды. Бірнеше сағаттың ішінде жақын маңда тұратын үш жас ұсталды. Айғақты заттар тәркіленіп, шынайы иесіне қайтарылды, — деді Медеу аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елдос Бақбергенов.

Еске салайық, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ұрлық-қарлық 28,1%-ға азайған

Соңғы жаңалықтар