Алматыда жер қозғалысын тіркейтін станциялар жеткілікті ме

Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматы өңірінде 40-қа жуық сейсмикалық станциялар жұмыс істейді.Алайда, бұл станциялар саны мегаполис үшін жеткіліксіз.Бұл туралы Kazinform агенттігіне Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова айтты.

Спикердің сөзінше,сейсмикалық станциялар - жер қыртысының терең қабаттарында туындап,әртүрлі күшпен болатын дүмпулерді тіркейді. Станциялардан алынған деректер бойынша болған жер сілкінісінің параметрлері және оның қандай жағдайда туындағаны анықталады. 

«Жер сілкінісіның күші неғұрлым жоғары болса жер сілкінісі тұралы толық қанды қажет мәліметтер алуға бірнеше станциялар жеткілікті.Жер сілкінісінің күші төмен болған жағдайда бірнеше станциядан алынған деректер жеткіліксіз.Шағын,әлсіз жер сілкінісітерін тіркеу сейсмикалық станциялардың санының көптігін қажет етеді.Шағын дүпулер жер астында болып жатқан сейсмикалық құбылыстардың туындау ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.Сондықтан тек құралдар арқылы тіркелетін шағын және әлсіз тербелістерді анықтау мүмкін болатын күшті жер сілкінісін болжауға өте қажет мәліметтер болып табылады», –дейді маман.

Сонымен қатар,ол Алматы өңірінің жер сілкінісіне өте қауіпті аймақ екенін ескерсек аймақта сейсмикалық станциялар саны көп болғаны абзал екенін атап өтті. 

«Қазіргі кезде, Алматы өңірінде 40 сейсмикалық станция жұмыс істейді. Алайда, жоғарғыда айтқандай бұл станциялар саны Алматы аймағы үшін жеткіліксіз», – дейді Елизавета Есенжігітова.

Бұған дейін, спикер Алматыда 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен екенін жеткізген болатын

Соңғы жаңалықтар
telegram