13:55, 31 Мамыр 2024 | GMT +5
Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Жігітті аяусыз соққыға жыққан алматылық оқушы қыздардың кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Марат, өзіңнің және отбасыңның алдында айыптымыз. Біздің адам түршігерлік әрекетімізді кешір», - деп түлектер видеоүндеу жолдаған.
Бұған дейін Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені туралы жазған едік.
Кейін қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.