Алматыда жылыту маусымы басталғалы 38 жер үй өртенді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 қазаннан бері Алматының тұрғын үй секторларында 38 өрт тіркелді. Көбіне жылыту жабдықтары мен пеш ақауынан және алкогольдік ішімдіктің кесірінен болған.

өрт
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, осы жылдың 1 қазаны мен 21 қараша аралығында 38 жер үй өртенді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

«Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында, жеке үйлерден шыққан өрт дереу сөндіріліп отырды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», — деп хабарлады департаменттен.

Ведомство мәліметінше, былтыр мегаполисте жер үйден шыққан өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен. Тағы бір тұрғын улы газдан уланған.

Құтқарушылар барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Осыған дейін, Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылып жатқаны туралы жазған едік.

Ал, ШҚО-да пеш жағып отырған 11 мыңнан астам үйде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Соңғы жаңалықтар