Алматыдағы әуесқой лига ойыны кезінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда футболдан әуесқой J лига ойыны кезінде жанжал шықты. Pioneer мен Eric-Son командалары кездесуінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан. 

Алматыдағы әуесқой лига ойыны кезінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан
Фото: видеодан скрин

Матчтың 80 минутында бас төреші Pioneer командасының ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен. Шешіммен келіспеген футболшы төрешіге бірнеше рет соққы жасады. Артынша бұл оқиға үлкен жанжалға ұласып, команданың бірнеше өкілі алаңнан кеткен төрешіні соққыға шыққан. 

Алматыдағы әуесқой лига ойыны кезінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан
Фото: видеодан скрин

J лига бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады. 

– Ойынның ресми өкіліне топтық шабуыл жасағаны үшін Pioneer командасы турнирге қатысушылар қатарынан шығарылады. Pioneer командасының ойыншылары Айдос Абдиев Айдос, Әлихан Тілеков және Талип Тілеуберді OFL-J-LIGA қолдауымен өтетін барлық турнирден өмір бойына шеттетіледі, - деп хабарлады лиганың баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар