Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсан айына дейін уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бұл туралы Ұлттық өнер музейі баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсан айына дейін уақытша жабылады
Фото: Kazinform

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі жөндеу жұмыстарына байланысты желтоқсан айына дейін уақытша жабық болады.

– Бұл шара сіздерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылып жптыр. Әрдайым қолдау білдіріп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп түсіндірді музей әкімшілігі. 

Еске салайық, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздегі екі музейге ұлттық мәртебе берілді. Олар: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі.

Соңғы жаңалықтар