Алматыдағы Құрманғазы көшесінде гастрономиялық дәліз пайда болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының орталығында Құрманғазы көшесінің Абылай хан даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі жаңа гастрономиялық променадқа айналады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жобаның мақсаты — қала орталығын көріктендіріп, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қоғамдық кеңістік жасау.
Жоба аясында көшедегі тұрғын үйлерге бірыңғай дизайн-код енгізіліп, іргелес аумақтар көріктендірілмек, жазғы террасалар ұйымдастырылады және сыртқы жарнама ретке келтіріледі.
Нәтижесінде Құрманғазы көшесі гастрономиялық бағыттағы тартымды орындарға толы, жүргіншілер үшін ыңғайлы және стильді қала алаңына айналады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесін ұзартуға 13,6 млрд теңге бөлінетінін жазған едік.
Ал көшені ұзарту жұмыстарын 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.