Алматыдағы өрт: балаларды орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы өрттен зардап шеккен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты пікір білдірді.

Алматыдағы өрт: министрлік балаларға қатысты пікір білдірді
Фото: Алматы әкімдігі

Аталған балалар үйі — жеке қайырымдылық ұйымы. Қазіргі уақытта онда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінде барлық тәрбиеленушінің жағдайы жақсы, балалар қауіпсіз жерде орналасқан.

— Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қала әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қорғаншылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары енді, — делінген хабарламада.

Дәрігерлер балаларды толық тексеруден өткізіп, психологиялық көмек көрсетті. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды.

— Қазір балаларды одан әрі орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға қатысты барлық мәселе толық шешілгенге дейін жағдайды жіті бақылауда ұстайды, — делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан балалар үйі өртенгенін жазған едік. Сондай-ақ  35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылған еді

Соңғы жаңалықтар