Алматыдағы теміржол вокзалдары ҚТЖ-ның сенімгерлік басқаруына беріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Алматы-1» және «Алматы-2» темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтарылады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, сенімгерлік басқаруға беру туралы келісімге қол қойылды.
– Қазір тиісті процедуралар жүріп жатыр. Сонымен қатар сенімгерлікпен басқару шартына қол қойылып, негізгі құралдарды түгендеу және есепке алу жұмыстары қолға алынды. Нысандарды қабылдау-тапсыру актісінен кейін уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркеледі, – деп жауап берді Көлік министрлігінен.
Ведомстводан атап өткендей, воказалдарды беру алдағы жаңғырту жұмыстары аясында жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 2019 жылы станциялар Алматы әкімдігінің құзырына берілген болатын. Алайда 2023 жылы Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев ҚТЖ стансаларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оларды дамытуға инвестиция салғысы келетінін айтты.
Еске салайық, 2019 жылы Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өткен болатын.
Кейін Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтарылатыны туралы мәлімдеген еді.
Еске салайық, 2023 жылы Алматы қаласының бас жоспары бекітілді. Онда жаңа теміржол вокзалы – Алматы-3 вокзалының құрылысы қарастырылған.