Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмеген

жер сілкінісі
Фото: Kazinform/Александр Павский

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.

«Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында келесі ескертуге дейін далаға шығу керек», - деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар