13:18, 12 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматыдан 187 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 12 қыркүйек Астана уақытымен 12 сағат 57 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста Қырғызстан аумағында орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Жамбыл облысы Қордай ауылы 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетелік Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген еді.