19:55, 06 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыдан 266 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз күні сағат 18:19–да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,6. MPV магнитудасы — 3.9. Координаттары 41,27°с.е. 78,80° ш. б. Тереңдігі — 5 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында — жоқ.