11:24, 01 Ақпан 2025 | GMT +5
Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 1 ақпанда жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 07:05-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыста 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Оның координаттары келесідей: 41.038 солтүстік ендік және 78.387 шығыс бойлық.
Сейсмологтар ұсынған мәліметке сәйкес жер сілкінісі Қазақстанда сезілмеген.
Бұған дейін 20 қаңтарда сағат 08:22-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелгенін жаздық.
Сонымен қатар, Жапонияда 6,4 балдық жер сілкінісі болғаны анықталды.