10:16, 09 Шілде 2025 | GMT +5
Алматыдан 321 шықырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық сейсмологтер бүгін таңертең жер сілкінісін тіркеді.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.
Айта кетелік кеше Астана уақытымен сағат 8:33-те Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді.