Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қаңтар сағат 09:40-та жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: pexels.com

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым қашықтықта – Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік бойынша 43.95° с.ш. 81.16°.

MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген болатын. 

Еске салайық, 2017-2018 және 2023-2024 жылдары жүргізілген паспорттау жұмыстары Алматыдағы тексеруге тартылған 20 мың нысанның 26 пайызы жер сілкінісіне төзімсіз екенін көрсеткен. 

 

Соңғы жаңалықтар