16:35, 19 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыдан 364 шақырым аумақта жер сілкінді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

– «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰБТКМ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлады Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің координаттары: 41.202 ш. б. 80.387 с.е.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан және сезілген жоқ.
Бұған дейін еліміздің екі облысында жер сілкінісі сезілген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде болды.