Алматыдан 405 км жерде, Қытай аумағында жер сілкінді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 25 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 11:56-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Natural disaster
Photo: static.vkurse.kz

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 405 км жерде, Қытай аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10,9.

Магнитудасы 4,8. MPV

Эпицентр координаттары 41.68° с.е. 81.38° ш.б.

Тереңдігі - 10 км.

Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.