22:06, 27 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Алматыдан 420 км қашықтықта жер сілкінді
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 450 км қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 27-ші қыркүйек күні сағат 19:11-де тіркеді.
«Эпицентрі Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Зілзаланың энергетикалық класы 9.6. Магнитудасы 4.5. MPV. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ»,-делінген хабарламада.