Алматыдан 434 шақырым аумақта жер сілкінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді.

землетрясение
Фото: Анадолы

Жер сілкінісі бүгін, 24 мамырда Астана уақыты бойынша 05 сағат 25 минутта тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырым жерде, Қырғызстанда орналасқан.

Жер сілкінісі еліміздің аумағында сезілмеді.

Айта кетейік, кеше, 23 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы жаңалықтар