17:37, 02 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 192 км аумақта жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 17:13–те болған, деп хабарлайды ТЖМ.

— ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 2 қаңтар Астана уақытымен 17 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы, — 2 балл, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.
Бұған дейін 15 желтоқсанда Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінгенін жаздық.