Алматылықтар 2026 жылды қалай қарсы алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының 8 ауданында Жаңа жылға арналған іс-шаралар өтті. Оның ішінде басты мерекелік концерт Астана алаңында болды.

Алматылықтар 2026 жылды қалай қарсы алды
Фото: Александр Павский \ Kazinform

31 желтоқсан сағат 18:00–ден бастап Алматының ең танымал орындарының бірі — Астана алаңында Жаңа жылға арналған концерт басталды. Алматылықтар мен қала қонақтарына отандық өнерпаздар мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Алматылықтар 2026 жылды қалай қарсы алды
Фото: Александр Павский \ Kazinform

Сахнада Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Дәулет Жанболат, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі өнер көрсетті.

Алматылықтар 2026 жылды қалай қарсы алды
Фото: Александр Павский \ Kazinform

Сонымен қатар Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Muzart Life топтары да концерттің көркін қыздырды.

Концерт бағдарламасының ерекше бөлігі DJ BATTLE болды. Батл барысында диджейлер жаңажылдық әуендер мен танымал хиттердің заманауи өңделген авторлық микстерін ұсынды. Мерекелік бағдарлама 1 қаңтар күні сағат 00:30-ға дейін жалғасып, отшашумен аяқталды.

Алматылықтар 2026 жылды қалай қарсы алды
Фото: Александр Павский \ Kazinform

Еске салайық, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматында ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары жиі баратын аумақтар — Абай алаңы, Астана алаңы, Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, Панфилов көшесі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағы, «Алматы Арена» аумағы және «Атакент» көрме кешені ерекше безендірілді. Аталған алаңдарда негізгі жаңа жылдық іс-шаралар, концерттер, жәрмеңкелер мен отбасылық демалыс бағдарламалары болды.

Алматы
Фото: Александр Павский \ Kazinform

Сондай-ақ 13 жаңа локация көркемдік безендіруден өтті. Олардың қатарында Сайран көлі, «Гүлдер» және «Family» саябақтары, Ганди мен Байсейітова скверлері, «Айнабұлақ», «Жасқанат», «Көкжиек» және «Құлагер» шағын аудандары бар. 

Жаңа жылдық безендіру жұмыстары қаланың 38 шақырым көшесін, оның ішінде 12 негізгі даңғыл мен магистралдарды қамтыды. Алматыда 74 шырша орнатылды, оның 30-ы —  мемлекеттік, ал 44-і — жекеменшік шыршалар.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды. Негізгі мерекелік іс-шара Абай алаңында өтті. Бұл жерде биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылған.

Соңғы жаңалықтар