Алматылықтар афтершок басылғанша 384 қабылдау пунктін паналай алады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда 384 қабылдау пункті, оның ішінде 229-ы - мектептерде, 115-і балабақшаларда, 15-і ЖОО-ларда, 20-сы колледждерде және 5-і стадионда жұмыс істеп тұр.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір аудандық әкімдіктердің қызметкерлері осы жиналу орындарында жүр.
«Пункттер туралы барлық мәліметтер Алматының 2GIS платформасында орналастырылған. Қосымшаның іздеу жүйесінде „зардап шеккен халықты қабылдау пункті“ сөзін енгізген кезде картада тұрғындарды жинау пункттері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазіргі таңда барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қабылдау пунктіне 1232 адам хабарласқан.