11:14, 22 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматының солтүстік-шығысынан 508 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Жер сілкінісі 22 сәуірде Астана уақытымен 6:30–да болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 22 сәуірде Астана уақытымен 06 сағат 30 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Оның координаттары: 45.469 с. е. 82.445 ш. б.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 508 шақырым қашықтықта орналасқан.
Есептік қарқындылығы (балл): жер сілкінісі сезілмеген.
Бұған дейін Алматы қаласынан 178 шақырым қашықтықта жер сілкінгенін жазғанбыз.