Алматы әкімі Бауыржан Байбек өз таңдауын жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек президент сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы нөмірі 40 мектептегі 235-учаскеде дауыс берді.

Бауыржан Байбек сайлауға жары мен ұлын ертіп келді.

Аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанованың айтуынша, қалада 554 сайлау учаскесі ашылған. Ашылған сәтте сайлау учаскелерінде 1 млн жуық Алматы тұрғыны тізімделген.
null

«Өздеріңіз байқағандарыңыздай, белсенділік өте жоғары. Кешке дейін азаматтардың саяси белсенділігі бұдан да арта түседі деп ойлаймын.

Алматылықтардың барлығын осы мерекемен құттықтағым келеді. Бүгінгі маңызды күнде әр алматылық өз балалары мен немерелерінің болашағы үшін таңдау жасайды деп ойлаймын. Мен де бүгін таңдау жасадым. Еліміз реформалық жолда қарқынды дамиды деген ойдамын,- деді әкім.

null

Қалаға 80 халықаралық бақылаушы келді.

Қала бойынша бүгінде 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген. Учаскелер тұрақты және тасымалданатын сайлау жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруі үшін барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. Қазақстанның 48 сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізіліп жатыр. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

Соңғы жаңалықтар