Алматы ауданы әкімінің кезекті есеп беру кездесуі өтті

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордадағы Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметовтің кезекті есеп беру кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуде ауданның 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы сөз болды. «Ағымдағы жылы аудандар әкімдерінің есептері қалалық газеттерде жарияланып, «Рахат» телеарнасында тікелей эфирде ұйымдастырылып келеді. Алматы ауданының қоғамдық орындарында тұрғындар өз ескертпелері мен ұсыныстарын бере алатын 10 арнайы жәшіктер орнатылған», - деді кездесуде аудан әкімі.Сапар Ахметов «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен ауданда Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын 43 үйдің кіреберіс бөліктері жөнделгенін айтты. «Сондай-ақ Астананың 10 жылдығына орай елорданың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ауданның 107 тұрғыны «Астанаға 10 жыл» мерейтой медалін алды. Ауданда Республика күніне арнап еліміздегі ең үлкен және бірегей Тәуелсіздік сарайы ашылды», - деп атап өтті «Алматы» ауданының әкімі.
Соңғы жаңалықтар