Алматы қаласынан мемлекеттік бюджетке салықтан 757 млрд. теңге түсті - А.Есімов

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Экономика өсімі, табыс пен тұтынудың жоғарылауы қала бюджетіне жағымды әсер етуде. Қалаға өткен жылы бөлінген бюджет 267 млрд. теңгені құрап, Алматы тарихындағы ең жоғары көрсеткіiке жетті.
None
None

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындармен болған кездесуінде айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке салықтан 757 млрд. тенге түскен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға жоғары. «Бұл бір жағынан салық департаментінің кәсіби тұсын және салықтық әкімшіліктің жақсы жұмыс істей бастағаныдығын көрсетсе, екіншіден қаламыздағы бизнестің бұрынғыдан да көтеріле бастағандығын байқатады», -деді әкім.

Сондай-ақ ол мемлекет қала экономикасын инвестициялаудың басты көзі болып қала беретіндігін айтып өтті. «Өткен жылдың негізгі құралы ретінде екіжылдық дағдарысқа қарсы бағдарлама мен «Жол картасы» қалды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде қала экономикасына 2 жыл ішінде 232,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ал, жұмыспен қамтуды қолдауға арналған «Жол картасы» аясында 2 жылда 35,6 млрд. теңге игерілді Жалпы дағдарысқа қарсы жасалған шаралардың арқасында 2 жыл ішінде қалада 75,4 мың адам жұмыс орнымен қамтылған», - деп атап өтті өз сөзінде А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар