Алматы қаласының әкімі бағаны тұрақтандыру үшін атқарылған жұмыстар туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін халықпен кездесу барысында бағаның тоқтаусыз өсуіне байланысты тұрғындар сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, қала әкімдігі бағаны тұрақтандыру үшін үлкен жұмыс атқарып отыр.

«Баға өсіп жатыр, жасыратыны жоқ. Қазір біз бағаның негізсіз өсуін қадағалап отырмыз. Өткен жылғы қорытынды бойынша қалада инфляция көлемі еліміздегі орташа көрсеткіштен де төмен болды. Бұл- жақсы. Ең бастысы алып-сатарлардың бағаны өсруіне жол бермеу керек», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Алматы маңайында салынған азық-түлік белдеуі өз тиміділігін көрсетпей отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы да ескерту айтқан болатын. «Басты проблема біздің ауыл шаруашылығы өндірісінің ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етпей отырғандығында. Меніңше, осы бағытта ауыл шаруашылығы өндірісін барынша дамытып, еліміздің дүкен сөрелерін отандық азық-түлікпен толтыру назарға алынуы керек», - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар