17:11, 15 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысы мен ОҚО таулы өзендерінде сел жүруі ықтимал
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, 2016 жылдың 16-17 маусымы аралығында Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Ал Алматы облысының таулы өзендерінде тіпті сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 15 маусымдағы №55-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!
«16-17 маусым аралығында нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Ал Алматы облысының таулы өзендерінде тіпті сел жүруі ықтимал», - делінген хабарламада.