Алматы облысында 1,5 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бір жарым жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
None
None

Алматы облысы Ұйғыр ауданы арқылы өтетін салынып жатқан «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жол учаскелерінің бірінде автобөлшектердің ұрлануы фактісі тіркелген.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, полицейлер сезікті ретінде жұмысшылардың бірі 1981 жылдың тумасын ұстады.

Іздеуде жүрген қылмыскерлердің тізімінде ер адамның деректерін тексергенде. Оның 2013 жылдың көктемінен Жамбыл облысының аумағында топтық тонауға қатысты деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Ер адам іздеуге жариялағандарға берілді. ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу шараларына қатысу үшін Жамбыл облысы Тараз қаласына жеткізу мәселесі қаралуда.

Соңғы жаңалықтар